03.10.2022
143

Тарту күшін керемет
Тарту күшін керемет
Қандай қуат бөгемек:
Тамшы асығар теңізге,
Отқа ұшар көбелек.
Айтып-айтпай не керек,
Бізден енді не көмек:
Тамшы тамды теңізге,
Отқа оранды көбелек.
Не хабар жоқ, не дерек,
Ғайып болдың, не керек...
Мазалайды тек мені
Сауал «неге?», «негелеп?».