02.10.2022
271
Көкжиекте көлкілдейді көк сағым....
Көкжиекте көлкілдейді көк сағым,
Дүниенің нұрға толы табағы –
Кемерінен асып белге ауса Күн
Көсегенің көк жонына тамады.
Көк бояулы бар табиғат ішпей тоқ,
Жасыл шоқ боп жапырақтар жанады.
Тал түстегі көрген тәтті түстей боп,
Жаз қызығы жанарымда ағады.