02.10.2022
  191


Автор: Төреғали Тәшенов

Шуылда, терек, шуылда,

Шуылда, терек, шуылда,
Шуылдап жайған сырың ба?
Иілгін, бірақ жығылма,
Шуылда, терек, шуылда!
Тыншығың келсе аз ғана,
Жөні бар желдің қыстарлық!
Ұлылық деген сол ғана –
Өмірге деген құштарлық!





Пікір жазу