02.10.2022
168
Сағынтып сар даланың
Сағынтып сар даланың
Сары шоқы, селіңгір белі,
Жоталы шығып ем жонға
Жорғамен төгілдіргелі;
Дәл мұндай көк сағым дала,
Көп болды, көрінбеп еді,
Жетеді көк тамыр бойлап
Көк көлдің көгілдір демі;
Кеудеме көк желік кіріп,
Дедім де: «Көріңдер мені!»,
Елемей екі көзімді
Ескен жел егілдіргені,
Ат терін аямай төктім,
Жіберіп ерімді ілгері,
Қазақтың бір қарап қалды
Тіріліп кемінде өлгені...
Дәл мұндай көк сағым дала,
Көп болды, көрінбеп еді,
Жүйріктің жалынан жазсам,
Жолында көміңдер мені!