02.10.2022
136
Түнгі ала аспан нұр сеуіп...
Түнгі ала аспан нұр сеуіп,
Бір жауып, бір ашылар.
Көрпе бұлтты бір теуіп,
Ақбақай Ай қасынар...
Қозғау салып көңілге,
Қоятын тек аңсатып
Құштарлық қой әлі де
Жүрген мені шаршатып.
Түнде отырып алады
Кірпігімнің шетіне.
Айдан ыршып қонады
Алтын қоңыз бетіме...