02.10.2022
112
![](/uploads/shorttexts/author_image/fullsizerender-19-02-22-10-33.jpg)
Ештеңе өзгерген жоқ...
Ештеңе өзгерген жоқ,
Ештеңе өзгермейді де!
Ештеңе өзгермесін
Көз көрмейді неге?!
Адам да, қоғам да сол,
Іші емес, сырты өзгерген,
Қашсаң да құтылмайсың,
Қу мен сұм, қырт-ездерден.
Ештеңе өзгерген жоқ,
Ештеңе өзгермейді де!
Ендеше өз-өзін адам
Үмітпен тізгіндейді неге?!.