02.10.2022
  136


Автор: Төреғали Тәшенов

ЖАЛҒЫЗ ШАҒАЛА

Толқын көк ала
Соғар жағаға.
Ұшар айналып
Жалғыз шағала.
...Суды сабалап,
Жетті жағаға.
Өтті бір толқын,
Өксіп арада...
Толқын жағаға
Соқты тағы ала.
Үнсіз қанатын
Қақты шағала.
Құс па шарқ ұрған,
Су ма алқынған?
Көл ме, кеудем бе
Көкке талпынған?
Жалғыз шағала,
Айдын көк ала.
Жабырқап тұрмын
Жалғыз... Жағада..





Пікір жазу