meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  02.10.2022
  212


Автор: Төреғали Тәшенов

Менің ожар ашуымды

Менің ожар ашуымды
Сенің аяр күлкің көмді.
Аштық қысқан бүркітімді
Қашып-пысқан түлкің жеңді.
Байлап атқан сор ұшына,
Қайыра алман бағымды енді,
Айдан аттар арман жастық
Жайдақ аттың жалында өлді.
Көл шабағын сүйдіретін
Нұр шапағы еркелетіп,
Үзіп мойнын аққуымның,
Жүзді жайын желкен етіп...
Тылсым түнде талып көрген
Түсіме айтар төрелік кім:
Таңдай болып ағарыппын,
Талдай болып көгеріппін.





Пікір жазу