02.10.2022
  124


Автор: Төреғали Тәшенов

Қысты көрем....

Қысты көрем,
Тал басында бүріскен құсты көрем.
Жаңа ғана бұйығып жатқан еді,
Жау қуғандай атылып ұшты неден?
Қысты көрем,
Жылы төсек, тәтті ұйқы-түс тілеген.
Қатулы аяз биыл тым қысты ерен.
Құйылады қыздырып ішті өлең...
Қысты көрем,
Қарауытқан қарағай, сұсты емен.
Ақ кебінді алаңсыз жатқан дала,
Мысалы, ажал еске түсті деген.
Қысты көрем,
Қай-қайдағы есіме түсті неден?..
Не де болса бел будым Жаратқанға,
Бір Құдайдан басқа кім күшті деп ең?!
Қысты көрем...





Пікір жазу