02.10.2022
138
Бар болса бала кезім естеріңде....
Бар болса бала кезім естеріңде,
Қыздай боп сынық мінез өспедім бе.
Қара жер қозғалар-ау, бірақ дағы
Қозғалмас Төреғали деспедің бе.
Туған жер тұнықтықтың кені еді құт,
Мен жайлы алаң көңіл жоқ еді түк.
Ұйыған уыздай ем тыныштықта,
Тартыпты негізіне дер еді жұрт.
Бізден де өтті ағаттық Айға атылған,
Жаңылып жаздым талай жайды атымнан.
«Көн қатса, қайтып барар қалыбына»,
Шарасыз қара су да шайқатылған.