02.10.2022
  128


Автор: Төреғали Тәшенов

Шағаласы Есілдің....

Шағаласы Есілдің,
Шарқ ұрып бір көсілдің.
Танып тұрмын тап басып,
Дірілін ақ төсіңнің.
Шағаласы Есілдің,
Байландың да, шешілдің.
Еліктіргің келді ме,
Ессіз ойнап, есірдің.
Шағаласы Есілдің,
Қондырдың да, көшірдің.
Өршеленіп қоймайсың,
Бардай қалған өшің бір.
Шағаласы Есілдің,
Емексумен есіл Күн
Еңкіш тартып барады,
Таңым – тұйық, кешім – мұң.
Шағаласы Есілдің,
Күйі болмай көшімнің,
Күні тумай шешімнің,
Шаршап тұрмын, кешіргін





Пікір жазу