02.10.2022
  127


Автор: Төреғали Тәшенов

Адамдар асығады....

Адамдар асығады,
Алла асықпайды.
Әркімнің кеудесінде қасық қайғы.
Талабың тассын қанша,
Талайыңнан
Алмассың, ала алмассың асып бәйгі.
Сырыңды өлтірсең де ішіңдегі,
Тіріліп, бір күн шағар, түсін, сені.
Қасірет – таба алмасаң тілейтінін
Талпынған кеудеңдегі құсың нені...
Келмесе өмірімнің өлең хошы,
Бұйырған тағдырыма көнем де осы.
Сыз да емес, мұз да емес, жүрегімді
Жауратқан – жапырақтың көлеңкесі...





Пікір жазу