02.10.2022
165
«Шу» дегеннен байқалар...
Мылжыңдардың малтасы –
Әу басынан байқалар.
Сыршылардың арқасы –
«Тәубасынан» байқалар.
Шын жорғаның жүрісі –
Тайпаңынан байқалар.
Шын ғалымның тынысы –
Ой-танымнан байқалар.
Хас жүйріктің белгісі –
Шабысынан байқалар.
Бизнесменнің белгісі –
Табысынан байқалар.
Көпшіл адам белгісі –
Дос-дарханнан байқалар.
Жомартықтың белгісі –
Дастарханнан байқалар.
Көбік сөзді көбейген –
Шатпақтарын қайталар.
Бір жырымен жақсы ақын –
Терең ойды айта алар.