02.10.2022
133
Әу бастан...
Тіл хақында керіс сөздер бітпейді,
Тапсырмасын бір-біріне жүктейді.
Құр былшыл сөз – кімдер нені діттейді?
Түк шықпайды айлап, жылдап күт, мейлі!
Әу, ағайын, тілдің таза, тұнығын
Қаулыменен шешеміз деп ұғыуың –
Еске салар бәдәуилер елінде
Суы құрып қалған құмның құдығын.
Не береді жарыспа сөз дауласқан?
Тіл қадірін іздеу ағат «дәу бастан».
Тәй-тәй басып тілі шыққан кезінде
Ата-анасы үйретсе ғой...әу бастан...