02.10.2022
  121


Автор: Мыңбай Рәш

Бір-ақ рет...

Дүниеге келесің бір-ақ рет.
Ақыретің бұйырар бір-ақ рет.
Нағыз Абай тумайды енді қайтіп,
Хақ тағала сыйлаған бір-ақ рет.
Соққан жүрек тоқтайды бір-ақ рет.
Табиғаттың заңы ғой, о, құдірет!
Әр пенденің болмысы әрқилы ғой,
Соның бәрін сезеді сорлы жүрек.
Елді сүйсең менше сүй...
«Әнді сүйсең менше сүй»
Абай
Өмір толқын,
Айдынын есіп келем,
Қиындығын
Белуардан кешіп келем.
Табады екен
Сені іздеп несіп деген.
Мыйым-бұрғы
Тас бөгет тесіп келем.
Елді сүйсең менше сүй,
Қаулап менше өртен, күй!





Пікір жазу