02.10.2022
136
Жағажайда
Жатырмын жайбарақат жағажайда,
Жап-жалтыр жарқыраған ғажап айна.
Секілді
Шөлпіл қағып қояр Балтық
Дүлей жел
Хабары жоқ, нажағайдан.
Күн – көкте,
Діріл қаққан
Теңіз – төмен,
Соққанда саумал самал
Сергір денең,
«Жараңдар жан рахаты осы ғой» деп,
Сыбдырлар
Қарағай мен қартаң емен.
Зымырап жүйрік ойлар сүзіліп кеп,
Жаныңа ұялар тек
Ізгілік кеп.
Маңына жаман пиғыл жоламайды,
Хас сұлу қарағанда сызылып кеп.
Жалғанның ұжмағындай жағажайда,
Демейсің
Бөгде біреу мазалай ма.
Болғандай жағаң – жайлау,
Төбең – қыстау.
Шомасың шуағы мол абзал ойға....