02.10.2022
177
Киелі Жолбарыс
Қиял емес, ағайын,
Айдай анық болған іс.
Ақын ұлын Жабайдың
Бастап жүрген жолбарыс.
Ойсылы қара өзімен
Ерткендейін ботасын.
От шашып өрт көзінен
Тарғыл-тарғыл жотасы.
Болған қызыл жолбарыс
Біз білетін Жамбылда.
Тулаған тау толғаныс
Жетелеп жыңғыл, даңғыла.
Сол жолбарыс ақынды
Айтыстарда жендірген.
Алыс етіп жақынды
Көкезуді көндірген.
Кіреді екен түсіне
Жойқын қызыл жолбарыс.
Ереді екен ізіне
Бастайды екен жолға алыс.
Пір тұтқаны – Сүйінбай,
Екіншісі – жолбарыс.
Жырын төгіп құйындай
Шабыт шалқып, самғар күш.
Қартайғанда қайрылмай
Кеткен қызыл жолбарыс.
Тұр ақыннан айырылмай
Тағы меңзеп жолға алыс.
Жолбарыстың жонына
Бұл жолы ақын мінгендей.
Енді Жәкең соңына
Сол жолбарыс ергендей.
Жамбыл ақын шарықтар
Жолбарыстан киесі.
Құттықтайды халықтар
Жырдың алып иесін!