Уилл Смит
Уиллард Кристофер «Уилл» Кіші Смит, (ағылш. Willard Christopher «Will» Smith, Jr.; 25 қыркүйек 1968 жылы, Филадельфия, АҚШ) – американ актері, хип-хоп орындаушысы. Екі «Оскар», төрт «Алтын глобус» және бірнеше Грэмми сыйлықтарының иегері. Бірінші некесінен бір баласы бар. Екінші рет Джада Пинкетке үйленген. Бір ұлы және бір қызы бар. Ұлы, Джейденмен бірге «The Pursuit of Happyness» («В погоне за счастьем») фильмінде бірге түскен. Ал қызы, Уиллоумен бірге «Мен аңызбын» фильмінде бірге көрінген. 80-шы жылдардың аяғында ол DJ Jazzy Jeff & the Fresh Prince хип-хоп дуэтінің мүшесі ретінде танылған. Кейін танымал «The Fresh Prince of Bel-Air» («Принц из Беверли-Хиллз») телехикаясында басты рөлді сомдаған. Казіргі кезде басқа да киножобаларға қатысуда.