Қазақша сүрелер жинағы
Сүре (араб.: سورة суроһ — қатар, дәреже) — Құран бөлімінің атауы. Жалпы Құранда 114 сүре бар. Олар 30 жүзге топтастырылған. Әр сүре аяттардан тұрады. Сүре атауының сөздік мағынасы алғашқыда “бірінші дәрежелі”, “аса маңызды” деген ұғымды білдірсе, кейіннен терминдік мағынаға ие болды. Сүре ұғымының Мұхаммед пайғамбардың Құдаймен сырласқан хикметті сәтінің сырлары деген астарлы мәні де бар. Пайғамбарға сүрелердің қай қалада түсуіне байланысты "меккелік" және "мединелік" болып бөлінеді. Сүрелердің 86-ы меккелік, ал 28-і мединелік болып табылады.