Плутарх

Плутарх (Plutarchоs) (шамамен б.з. 46, Херонея қ. Беотия — 127) — ежелгі грек жазушысы, тарихшы. Римде философиядан дәріс оқып, Херонеяда философия мектебінде ұстаздық етті. Ежелден сақталған мәліметтерге қарағанда Плутарх артына 200-ден астам туынды қалдырған. Оның ішінде “Моральдар” деген жалпы атпен шыққан ғылыми еңбегінде адам мінез-құлқына, қасиеттеріне (махаббат, достық, ашу-ыза, сараңдық, қараулық) талдау жасайды. Плутархтың “Аристофанды Менандрмен салыстыру”, “Жасөспірімнің алар тәлімі”, “Гесиодке түсініктеме”, “Гомерді зерттеу” сияқты әдеби тақырыптарға арналған шығармалары бар. Ежелгі Грекия мен Римнің аса көрнекті қайраткерлерінің өмір жолын баяндайтын “Салыстырмалы өмір жолы” (50 өмірбаян) атты тарихи, көркем өмірбаяндар кітабы — тек ежелгі дүние ғана емес, күллі әлемдік әдебиеттің ең бағалы ескерткіштерінің бірі.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: