Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар (араб.: مُحَمَّدْ /mʊħɑmmæd/, айтылуы (ақп.), Мұхамет, Мухаммад; 570, Мекке — 8 маусым 632, Медине) — Ислам пайғамбары. Ислам ілімі бойынша, ол Адам, Ибраһим, Мұса, Иса және т.б. пайғамбарлардан бері келе жатқан монотеизмнің негізгі ілімдерін растауға жіберілген Алла Елшісі (Расул Аллаһ). Барлық ислам ағымдарына сәйкес Алланың соңғы пайғамбары. Мұхаммед Арабияны біртұтас мұсылман үмметіне біріктіріп, өзінің ілімдерін, сүннеттерін және Құранды Исламның діни сенімінің негізіне айналдырды.