Динара Сәтжан

Динара Жаңабайқызы Сәтжан (21 қыркүйек 1982, Жаңа-Арқа кенті, Қарағанды обл.) — қазақстандық журналист, тележүргізуші, кәсіпкер, fashion-продюсер, қазақстандық мультибрендті дүкендер желісінің, сондай-ақ "Dinara Satzhan" брендінің иесі, блогер. "Хабар"телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі ретінде кеңінен танымал болды. "Миссис Қазақстан-2008" байқауының жеңімпазы, "Статус QUO" бағдарламасының авторы және жүргізушісі. 2017 жылы "Қазақстан" ТРК Басқарма Төрағасының кеңесшісі ретінде "Qazaqstan"Ұлттық телеарнасының ребрендингімен айналысты.

2019 жылдан бастап Нұр-сұлтан қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі, сондай-ақ Нұр-Сұлтандағы "Kazakhstan Fashion Week" жобасының серіктесі болып табылады. "Динара Сатжанмен #НЕМИШЛЕН" YouTube-жобасының авторы және жүргізушісі YouTube-тағы Видео .
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: