Сейілхан Асқаров
Сейілхан Асқаров – журналист, деректі фильмдердің сценарисі, КСРО киногерлер одағының мүшесі, КСРО Журналистер одағы сыйлығының иегері, 6-шы науырыз 1925 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының № 25 ауылына қарасты Орынбор теміржолының № 78-ші разъезінде дүниеге келген.
Әкесі Бармақов Асқар шаруа жанұясынан шықса да, кедейлік, қоңшылықтың зардабынан 1901 жылдары туған ауылын тастап, Орынбор – Ташкент теміржолы құрылысына қара жұмысқа кіреді. Өмірінің ақырына, яғни 1933 жылға дейін сол теміржолда жұмысшы, жөндеуші, күзетші, жол қараушы сияқты жұмыстарды атқарады. 1933 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін шешесі төрт жас баламен Қызылорда облысының Арал қаласына қоныс аударады.
Шешесі Бармақова Балбибі өмір бойы үй шаруасымен айналысып, 1968 жылы ауыр науқастан Алматы қаласында қайтыс болады.
Сейілхан Асқаров алдымен Арал қаласындағы орта мектепте білім алады, ал оныншы класты Қызылорда қаласында 1942 жылы аяқтап, өзінің еңбек жолын машина-трактор станциясында техникалық секретарь болудан бастайды.
Сейілхан Асқаров 1943 жылдың науырызынан бастап Ұлы Отан соғысына қатысады, ары қарай мемлекет қауіпсіздігін сақтау (КГБ) қызметінде жұмыс жасайды. 1948 жылдары комсомол қызметкері болып жүрген уақытынан бастап, журналистік жұмыспен де айналысады. Алдымен жастар газетінің штаттан тыс тілшісі болады. Бүкілодақтық комсомол комитеті жанындағы жастар баспа қызметкерлерін дайындайтын мектепті бітіріп, 1953 жылдан бастап маман журналист ретінде таныла бастайды. 1958 жылдың қараша айынан бері КСРО журналистер одағының, 1974 жылдың қазан айынан Киноматографистер одағының мүшесі болады. КСРО Жазушылар одағының органы «Литературная газета»-ның тілшісі, республикалық «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарады.
Сейілхан Асқаровтың Москваның «Правда», «Молодая гвардия» баспаларынан «Вожаки комсомола» (1974), «Пятьдесят лет» (1975), деп аталатын және «Қазақстан» баспасынан «Две ласточки» (1975) деген кітаптары жарық көрген. Сонымен бірге 1985 жылы «Жалын» баспасынан шыққан Б. Бұлқышевтың шығармалар жинағының құрастырушысы болған.
Сейілхан Асқаров «Служу революций», «Революцией призванный», «Такая короткая жизнь», «Двое из Байконура», «Маншук», «Алия», «Казахстан в Великой Отечественной войне» деп аталатын деректі фильмдердің сценарилерін жазған.
Сейілхан Асқаров Украина, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның республикалық, облыстық мұрағаттары, мұражайлары, кітапханаларымен 35 жыл тығыз байланыста болған. Соның нәтижесінде М. Масанчи, Ә. Жангелдин, Т. Рысқұлов, Ғ. Мұратбаев, Б. Бұлқышев, Ә. Молдағұлова, М. Мәметова сияқты дара тұлғалардың өмірлері мен істеген қызметтері туралы құжаттар жинап, деректі шығармалар жазумен қоса, олардың мұражайларын ашуға ат салысқан. Мысалы Қазалы қаласындағы Ғ. Мұратбаевтың, Орал қаласында М. Мәметованың, Ақтөбе қаласында Ә. Молдағұлованың мұражайлары дәлел бола алады.
Сейілхан Асқаров Ұлы Отан соғысындағы, жуналистика мен киноматография салаларында атқарған еңбектері үшін 20-дан астам медальдармен, құрмет грамоталарын, дипломдар алған. Қазақстан журналистерінің ішінен тұңғыш рет «Золотое перо» медалімен марапатталған.
Сейілхан Асқаров Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне, ғылымына, журналистикасына, киноматографиясына өзіндік үлес қосып, болашақ ұрпақтардың еншісіне мол рухани мұра қалдырған.