Қазақ ырымдары
- Әңгімелер жинағы қосу
- Ертегілер жинағы қосу
- Қанатты сөздер жинағы қосу
- Ақын өлеңдері жинағы қосу
- Поэмалар қосу
- Құттықтаулар, тілектер жинағы қосу
- Аңыздар жинағы қосу
- Туындылар қосу
- Балаларға арналған тақпақтар қосу
- Баталар жинағы қосу
- Мақал-мәтелдер жинағы қосу
- Жұмбақтар жинағы қосу
- Шығармалар жинағы қосу
- Эсселер жинағы қосу
- Жаңылтпаштар жинағы қосу
- Анекдоттар, әзілдер жинағы қосу
Ырым (ғұрып) жолдары мен түрлері өте көп. Мысалы шешен болсын деп аузына түкіру,отаншыл болсын деп туған жерге аунату, сондай болсын деп батырдың сарқытын жегізу немесе оның атын қою сияқты ырымдар бар. Мысалы, Шыңғыс Шоқанға ырымдап Сегіз серінің атын қойған. Абай, Абылай, Бауыржан, Сәкен, Қаныш сияқты есімдерін қәзір де ата-аналары өз балаларына ырымдап қойып жүр. Той, келін түсіруде балаларды осындай қуанышқа жетсін деп нан, бауырсақ, кәмпит алып оны апарып береді. Ырым, Ырымкүл деген ұл, қыз аттары да осы ғұрыппен қойылған. Халықта жасы 100-ге жеткен адамның киімін, ұстаған затын осындай жас берсін деп үлестіріп, бөліп алу. Сол сияқты баласы тұрмай жүрген адамдар баласына Күшік, Итбай, Итемген, Көтібар, Көтен, Малай, Башай, Терісаяқ дегендей қолайсыз ат қойса, өмірлі болады деп ырымдаған. Жалпы айтқанда ырым-халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы.