Қалбан Ынтыханұлы
Қалбан Ынтыханұлы — 1971 жылы ҚХР-дың Гансу өлкесі Ақсай ауданында туған. Жазушы, аудармашы. Оның есімі 90-шы жылдардың басынан бастап Қытайдағы қазақ басылымдары арқылы оқырмандарға таныс. Қытайдағы «Шұғыла», «Тарбағатай» сынды белді басылымдарда әңгімелері мен ақөлеңдері жарияланып тұрды.
2003 жылы Бейжиңдегі «Ұлттар» баспасынан «Ақ қауырсын» атты шығармалар жинағы жарық көрді. 2006 жылы Қазақ Еліне оралған. «Иншань оңғыттары» (аударма) 2009 жыл, «Босқын қазақ көштері» (монография) 2015, «Үркек» (роман) 2014ж., «Шалғайдағы шаһар» (аударма) 2018 ж. сияқты еңбектері жарық көрді. Қазақстандағы түрлі басылымдарда мақалалары мен әңгімелері жарияланды.
Қалбанның әңгімелері қысқа жазылумен ерекшеленеді. Оның шығармаларында қара юмор ағымының кейбір элементтері мен көлеңкелері мен мұндалап тұрады.