Акутагава Рюнескэ
Акутагава Рюноскэ (芥川 龍之介, 1 наурыз 1892 — 24 шілде 1927) — жапон жазушысы. Токио императорлық университетінің ағылшын факультетін бітірген (1916). Алғашқы әңгімелері (“Расемон қақпасы”, “Мұрын” тағы басқалар) студент кезінде жарық көріп, жапон әдебиетінің классигі Нацумэ-Соэкидің назарын аударған. Біршама әңгімелері көне әдеби ескерткіштер мен жылнамалардан алынған шартты-тарихи сюжеттерге, 10-12 ғасырдағы материалдарынан құрылған.
Акутагава новеллалары психологиялық иірімдерімен, адамның рухани әлеміне тереңдей үңілуімен ерекшеленеді. Адамның моралдық келбеті мен жан-дүние құбылыстары биік этикалық талаптар тұрғысынан бейнеленеді. Кейінгі әңгімелерінде де жазушы адамның әлеуметтік болмысына емес, ішкі дүниесіне назар салады. Сыртқы әлем шындығы кейіпкерлер психологиясы арқылы көрініс табады (“Маймыл”, “Мұғалім Мори”, “Мандариндер”, “Күз”, “Тастанды”, “Бақ”, “А-ба-ба-ба”, “Суық” тағы басқалар). Акутагава жүз елуге тарта новелла, көптеген миниатюралар, лирикалық-философия жазбалар топтамасын (“Текадо”, “Түкке тұрмайтын адамның сөзі” тағы басқалар), бірнеше сценарий, өлеңдер, бірқатар әдеби-сын мақалалар жазып қалдырды. Акутагава жапон әдебиетінде новелланың үздік шебері саналады. Шығармалары дүние жүзінің көптеген тілдеріне аударылған. Жапонияда жас жазушыларға Акутагава атындағы әдеби сыйлық тағайындалған. Қазақ тілінде “Мұғалім Мори” (1985, аударған Б. Қожабеков) деген атпен әңгімелер жинағы шықты.