Сәрсен-Бек Сахабат
Сәрсен Бек Сахабат 1954 жылдың 24-наурызында Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң кеңшарда жұмысшы, Совет Армиясы қатарында болған.
1975 жылы Алматы қаласындағы ҚазПИ-ге филология факультетінің күндізгі бөліміне оқуға түседі. Оқуын бітіргесін 1979-1980 жылдары Алматыда ҚазССР мемлекеттік Кітап палатасында библиограф, «Кентауская правда» газетінде аудармашы, ауыл мектебінде мұғалім қызметтерін атқарады.
1991 жылдан бері Шымкент қаласының тұрғыны. Осы аралықта «Жібек жолы», «Жайнамаз» журналдарында тілші, редактор, «Темірқазық» журналы мен «Мәдениет» газетінің ұйымдастырушы бас редакторы, ОҚО Өнер ордасының бас маманы, халықаралық «Нәзір» қорының вице-президенті. Мәдениетті қолдау қорының қоғамдық негіздегі басқарма төрағасы.