Тұтқабай Иманбеков
Тұтқабай Иманбеков 1937 жылы 2 қаңтарда Түлкібас ауданындағы «Куйбышев» кеңшарында туған.
Қазқтың Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң, «Лениншіл жас» газетінің бөлім меңгерушісі болып қызмат етті. Кейін өзі оқыған университетте аға оқытушы, «Жазушы» баспасының аға редакторы болып еңбек етті. Бұдан соң «Ара-Шмель» журналында жауапты хатшы болды. Тұтқабай өмірінің соңына дейін республикалық «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары қызметінде болды.
Қазақ көрнекті жазушысы, әрі композиторы Тұтқабай Иманбеков шығармашылық жұмысты өлең жазудан бастады. Ол тамаша лирик еді.
Жазушының «Ақ қайың», «Үш айдың үш күні», «Тұт ағаштың көлеңкесі», «Үлкен үй» атты прозалық еңбектері кітап болып шыққан. Сондай-ақ оның бірнеше поэзиялық кітаптары да қазақ оқырмандарының рухани азығына айналды.
Тұтқабай Иманбеков аудармамен де айналысты. Ол чех жазушысы М.Маейровойдың, С.Баруздиннің, А. Гайдардың, прозалық еңбектері мен П.Ж. Беранженнің, Л. Татьяничеваның өлеңдерін қазақшаға аударды.
Т.Иманбеков 1995 жылы қайтыс болды. Қайтыс болған соң туған ауылында оған ескерткіш орнатылып, бір мектеп жазушының есімімен аталды.