Ханбибі Есенқарақызы
Ханбибі Есенқарақызы Сарыағаш ауданының « Карл Маркс» атындағы ұжымшарда педагогтар отбасында 1949 жылы 30 маусымда дүниеге келген.1960 жылы мектепті бітірген соң , Шымкент педагогикалық институтының филология факультетіне сырттай түсіп, мұғалім болып жұмыс істей бастайды. Кейін Сарыағаш аудандық « Қызыл ту » газетінде тілші болды. 1975-1980 жылдар аралығында облыстық радио хабарларын тарату комитетінің редакторы болып қызмет атқарды. 1980 жылдан 1990 жылға дейін облыстағы халық творчествосы орталығында әдіскер, 1990-1992 жылдары облыстық
« Қазақ тілі » қоғамының төрағасы. 1992-94 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 1994 жылдан Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филормонияның директоры. Қазір ОҚО жаппай қуғын-сүргін құрбандары мұражайының директоры қызметінде.
Ханбибі Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қызметкер. Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі. Бірнеше Құрмет грамоталарымен, медальдарымен, "Парасат" орденімен, "ҚР-сы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы" медалімен марапатталған. С.Ерубаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты.
Қазақтың белгілі ақын қызы Ханбибінің алғашқы өлендері «Қанат қақты» жинағында жарияланды. Ақынның «Бұлтсыз аспан», «Жұлдызым » , «Махаббатым мәңгілік », «Жан айқай» деген кітаптары бар. Соңғы жылдары оның «Сыр кітабы» және «Жыр кітабы» атты 2 томдығы, "Ай туады бозарып" және "Күн шығады қызарып" атты 2 томдығы жарыққа шықты.