Гүлнар Салықбай

Гүлнар Салықбай — 1963 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Жамбыл ауылында туған. Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар одағы сыйлығының және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған мүшәйраның жүлдегері.

Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері (2014). Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1986 жылы бітірген. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Арай» — «Заря» журналында, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында қызмет істеді. «Атамұра» баспасында редактор, «Алаш» баспасында бас редактор, «Қазақстан» телерадио корпорациясында «Жан» бірлестігінің жетекшісі, «Қазақстан» телеарнасында бас редактор болды.

«Бір жұтым ауа, қызыл күн», «Жан» атты жыр кітаптары жарық көрген. «Жан», «Аспандағы аңсарым» атты М.Цветаеваның өлеңдерін аударып, «М.Цветаева» деген атпен кітап болып шықты.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: