Кендебай Ахат
1949 жылы 11 желтоқсанда ОҚО, Төлеби ауданы, Жаңа күш (Қақпатас) елді мекенінде дүниеге келді. 1967 жылы осы ауданның Бірінші май ауылындағы мектеп-интернатта орта мектепті бітіріп, 2 жыл фосфор тұздарын өндіретін зауытта жұмыс істеді. 1969 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп, 1974 жылы «Фармация» факультетін бітірді. Институттың жолдамасымен Киров (Асықата) ауданында дәріхана меңгерушісі болып 1983 жылға дейін қызмет атқарды. 1983 жылы Жетісай аудандық «Фармация» өндірістік кәсіпорнының директоры қызметіне тағайындалып, 1997 жылға дейін сол қызметті атқарды. 1997 жылы Шымкент қаласына қоныс аударып Шымкент дендросаябағының басшысы қызметіне тағайындалды. 2009 жылы саябақ құрылтайшысының өзгергеніне байланысты, кәсіпорын директорының орынбасары қызметіне ауыстырылды.
К. Ахат жоғарғы санаттағы провизор-ұйымдастырушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Шығармашылық қызметте «Замана желісі», «Ой тұтқыны», «Көгершін көңіл» және «Бұлқынған жүрек» кітаптарының авторы.