Жадыра Шамұратова
Жадыра Ғазизқызы Шамұратова — 25.08. 1979 ж. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында туған.
2000ж. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 2004 жылы «Шабыт» халықаралық фестивалінде Камал Смайылов атындағы арнаулы сыйлыққа ие болған. Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінде, республикалық «Алтын Орда» газетінде, БҚО драма театрының әдебиет бөлімінде, республикалық «Заң» газетінде (меншікті тілші), республикалық «Тұмар» журналында әдеби қызметкер болып жұмыс жасаған. 2017 жылдан ҚР Ішкі істер министрлігі ҚР ІІО Медиа орталығы «Сақшы» газетінің бас редакторының орынбасары қызметін атқарған.
2011 жылы «Аударма» баспасынан Әлем әдебиеті сериясымен шыққан бірнеше кітапқа редакторлық еткен.