Тұрысбек Еділбаев
Тұрысбек аталарыңның мамандығы дәрігер. Бірақ ол көп жылдан бері қаламын қолынан тастамай өлең жазып келеді. Өлең болғанда да ол кісі негізінен балалар үшін жазады. Ақынның балаларға арналған өлеңдері республикалық басылымдарда үзбей жарияланып тұрады. Оның «Марс алыс па?», «Санамақтар», «Есеннің қылығы», «Айша», «Төрт түлікпен таныс бол», «Жыл мезгілдері», «Бақшада не өседі?» атты кітаптары өздеріңе арналған, балалар. Ал «Үш пәледен аулақ бол», «Ұрпақтарға аманат» (қазақтың қара өлеңдері), «Өмір сыйлаған жандар» атты кітаптары ересек оқырманға арналған. Сондай-ақ, «Табиғат тартқан сый», «Сусамыр» деген кітаптары медицина ғылымына арналған ғылыми еңбектер.