Мұхтар Мағауин

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин (2.02.1940, Баршатас ауылы, Аягөз ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) — тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы.

1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы оның аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы бастады. Қазақ әдебиеті газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971 жылдары Жазушы баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген, Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді. 1983-1984 жылдары еркін шығармашылық қызметте, 1984-1986 жылдары Жазушы баспасының бас редакторы. 1987 жылы еркін шығармашылык қызметте, 1988 жылдан бері Жүлдыз журналының бас редакторы. Баспасөз бетінде алғаш рет 1959 жылы көрінді. 60-жылдары негізінен әдебиет зерттеушісі ретінде танылды. Қобыз сарыны атты ғылыми монографиясы жарық көрген (1968). Бүдан соңғы кезеңде көркем прозаға көбірек ден қойды. Көкмүнар (роман, 1972), Бір атаның балалары, Көк мүнар (повестер мен әңгімелер), Аласапыран (тарихи роман-дилогия, 1980-1982), Шақан Шері (роман), Мен (ғүмырбаяндық роман-хамса), Құмырсқа-қырғын (әңгімелер), Үлтсыздану үраны (мақалалар) және тағы басқа кітаптары жарық көрген. 2002 жылы он үш томдық шығармалар жинағы басылып шықты. Көптеген шығармалары орыс тіліне аударылған, шетел тілдерінде басылған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: