Борис Ананьев

Ананьев Борис Герасимович (1907-1972) - психология ғ.д. КСРО Педагогикалық ғылым академиясының толық мүшесі. Адамды индивид, тұлға, даралық ретінде қарастырып, адамтанудың жүйелі моделін қарастыруға ұмтылған кеңес дәуірінің психологы. Горск педагогикалық институтын 1928 жылы бітіріп, өзінің ғылыми ізденістерін ленинградтық рефлексологтардың қатарында, психологияның адамтану ғылымдарының бірігейі болып бекінуіне атсалысты. Ол адамды биологиялық индивид ретінде, оның онтогенездегі даму жолы, тұлғалық мәнге ие болуымен адамзат әлеміндегі орны, өзіндік даралығы туралы "Адам танымының нысанасы" (1969 жылы) атты еңбегінде жан-жақты қарастырады. 1967-1972 жылдары ЛМУ-де психология факультетінің деканы қызметін атқарып жүріп, көптеген психолог ғалымдары дайындады.Б.Ф.Ломофтың айтуынша Ананьевтің таланттарды көргіштігі ерекше болған.Кеңес психологиясының "алтын қорына" Ананьевтің "Педагогиялық бағалаудың психологиясы" (1935 жылы), "Психология очерктері" (1945 жылы), "Сезімдік танудың психологиясы" (1960 жылы), "Түйсіктер теориясы" (1961 жылы), "XVIII-XIX ғғ. Орыс психологиясы тарихының очерктері" (1967 жылы), "Адам танымның пәні ретінде" (1969 жылы), т.б. еңбектері енді.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: