Дидахмет Әшімхан
Дидахмет Әшімханұлы (10 маусым 1950 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Жаңаүлгі ауылы - 23.05.2015, Алматы) — Қазақстан журналисті, қаламгер. "Жалын" жабық бәйгесінің екі мәрте жүлдегері. Жас жазушылардың Бүкілодақтық VII кеңесіне қатысқан. Жекелеген бірнеше шығармасы бірқатар шетел тілінде шыққан. 2005 жылы халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығына ие болған.