Мәннан Тұрғанбаев
Мәннан Тұрғанбайұлы Тұрғанбаев 1886 жылы Семей губерниясы Қарқаралы уезі Абыралы болысының «Сарыапан» ауылында туған. Алғашқыда Мәннан оқу іздеп, Семей қаласына барып, Кәмәлиден хазіреттен арабша дін оқуын оқиды. Алты жылдай Семейдегі медреседе оқиды. 1906-1910 жылдар аралығында туған ауылында ұстаздық қызмет атқарады. 1910 жылы Уфадағы «Ғалия» медресесіне түсіп, оны 1915 жылы бітіріп шығады. Ел ішіндегі 1916 жылғы жарлыққа қарсы дүрбелең мен күйзеліс күйлер Мәннанға өз ықпалын тигізбей қоймайды. Осы кездерде ол Орынборда Ахмет Байтұрсынұлының жетекшілігімен шыға бастаған «Қазақ» газетіне шақырылады.
Алаштың біртуар тұлғасы Әлихан Бөкейханның бастауымен Түркияға сапарлап, Каирдегі мұсылман рухани академиясы мен Стамбулда қысқа мерзімді курстардан өтеді. 1917 жылы Орынбордан Семейге келіп, «Сарыарқа» газеті редакторының орынбасары ретінде Санкт-Петербургтегі екі жарым айлық курстан өтеді. 1917 жылғы сәуір айында өткен Семей облыстық қазақ сиезінде комитет мүшесі болып сайланады. «Айқап», «Абай» т.б. басылымдарда өзекті ой қозғаған мақалалары жарық көрді. «Абай» журналының 1918 жылғы 2 санында «Ұлтшылдық» мақаласы жарияланады. 1918 жылы Алашорданың атты әскер полкіне қабылданады.
1917-1919 жылдары Семейдегі (Алаш қаласындағы - Жаңасемей бөлігі) педагогикалық курстың меңгерушісі және осы курстың мұғалімі. 1919 жылдың маусым айында қайта Орынборға шақырылып, ондағы «Ұшқын» газетінде редакторлық қызмет атқарады. Мектеп оқулықтарын жазады. 1919 жылы «Қазақ тілі» газетінің жауапты редакторы, тұңғыш шығарушы болған. 1920 жылға дейін Ж.Ақпаевпен бірге халық соты кеңесінің мүшелігіне бекиді. Қазақ автономиясы жариялануына байланысты, 1920 жылы жалпы қазақ кеңестерінің бірінші сиезіне Семейден делегат болып сайланады. 1922 жылдан бастап халық соты төрағасының орынбасары, әрі қазақ ісі жөніндегі азаматтық бөлімнің меңгерушілік міндеттерін атқарады. 1926 жылдан Ә.Ермеков жетекшілік ететін Қарқаралы педучилищесінің оқу бөлімінде ұстаздық қызмет атқарған. 1928 жылы М.Тұрғанбаев Семейге қайта оралды. Облыстық соттың орынбасары, қалалық оқу бөлімінің инспекторы болады. 1930 жылдың 4 сәуірінде ОГПУ сот коллегиясының үкімімен М.Тұрғанбаев Семейде қамауға алынып, Қапал түрмесіне айдалады. 1932 жылы айыптары дәлелденбегендіктен түрмеден босатылады. 1932-1936 жылдар аралығында Алтай өлкесіндегі Ойрат автономиялық облысының Усть-Кант аймағы Тұрата ауылындағы жеті жылдық мектепте оқытушы болып жұмыс істеген. Жарық көрген еңбектері: «Пайғамбар заманы», «Тіл қүралы», «Есеп», «Этика» т.б. 1937 жылғы 20 тамызда ату жазасына кесіледі.