Қалқаман Сарин

Қалқаман Айымғазыұлы Сарин (1978 жылы 2 қаңтарда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Архат ауылында дүниеге келген) - ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Шалқар радиосының директоры.

Өмірбаяны
Сарин Қалқаман Айымғазыұлы 1978 жылы 2 қаңтарда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Архат ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетін тәмамдаған.
1998 - 2008 ж.ж. – ҚазҰМА әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы.
2012-2014 жж. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті, тарих ғылымдарының магистрі.
2014-2015 ж.ж. - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті ректорының кеңесшісі.
2013-2015 ж.ж. – «Астана» телеарнасында «Кеш емес» саяси-әлеуметтік ток-шоудың жүргізушісі.
2008 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті, Қазақстан тарихы кафедрасының аға-оқытушысы.
2016 жылдан ҚР «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы жанынан құрылған «Атамекен» пікірсайыс клубының жетекшісі.
2016 жылдан бастап «Қазақстан» Ұлттық арнасы «Ой-толғау» танымдық бағдарламасының жүргізушісі.
2012 жыл Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
2015 жыл «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясы мүшесі.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: