Рабиндранат Тагор
Рабиндранат Тагор (баңлаша রবীন্দ্রনাথ ঠাকুর, ағылш. Rabindranath Tagore, 7 мамыр 1861 — 7 тамыз 1941) — үндінің ұлы ақыны мен жазушысы, сазгер әрі суретші, қоғам қайраткері. Еуропалық емес жазушылардың арасында тұңғыш Нобель сыйлығын иеленген. Нобель комитеті белгілегендей, Тагордың ерекше рухани шығармалары мен жеке дара харизмасы Батыс қоғамы көзқарасында оның абыз бейнесін қалыптастырды.
Тагор өлең жазуды 8 жасында бастаған. 16 жасында ол өзінің алғашқы новеллалары мен драмаларын жазады, ақындық туындыларын Күн Арыстаны (баңлаша Bhanushingho) бүркеншік атымен бастырып шығарады.
Тагордың мұрасын елуден астам дастан мен өлеңдер жинағы («Гитанджали», «Го́ра», «Үй мен әлем»), романдар мен драмалар, жүзге жуық әңгімелер, көсемсөз, пьесалар, философия саласындағы жұмыстары, мектеп оқулықтары, аудармалар құрайды. Оның қаламұшы астынан «Халық рухы» атты Үндістанның және «Менің алтын Бенгалиям» атты Бангладештің ұлттық әнұрандары шыққан. Сонымен қатар, 67 жастан бастап ол суретшілік, кескіншілік өнермен айналыса бастаған.
Сондай-ақ, Тагор Вишва Бхарати университетінің және Ауыл шаруашылықты қайта құру институтының ұйымдастырушысы болған. Адамгершілік пен туған елге деген сүйіспеншілік сезімдерін бойына сіңген Тагор өмір бойы Үндістан тәуелсіздігінің жақтаушысы болған.