Мартин Лютер
Мартин Лютер (Монастикалық атауы — Августин) (нем. Martin Luther; 10 қараша 1483, Айслебен, Саксония — 18 ақпан 1546, сонда) — христиан теологы, Реформацияның бастамашысы, Інжілдің неміс тіліне жетекші аудармашысы. Протестантизмнің бір бағыты-лютеранизм оның есімімен аталады. Неміс әдеби тілін жасаушылардың бірі.