Оңайгүл Тұржан
Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызы (1955 жылы туған, Маңғыстау ауданы Үштаған ауылы) – ақын, филология ғылымдарының кандидаты Еуразия университетінің доценті. Тұржан – «Махамбет өлеңдерінің поэтикасы» атты монографиясы, «Шерқала» (1998),«Жыр-дала» (2001), «Теңіздер де шөлдейді» (2003), «Жыр кітабы» (2005) атты өлең жинақтарының авторы. Стефан Цвейгтің, Зигмунд Фрейдтің еңбектерін қазақшаға аударған.
Оңайгүл Ізтұрғанқызы Тұржан 1972 жылы орта мектепті бітіріп, 1973 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Қыздар педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1977 жылы бітірген. Еңбек жолын Алматыда Қазақ Мемлекеттік Телерадио Комитетінде режиссердың ассистенті қызметімен бастаған. 1982-84 жылдар аралығында Қарағанды облыстық Телерадиосында редактор-комментатор, 1985-1990 жылдар аралығында Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
1990-1995 жылдар аралығында Алматы қаласында республикалық «Жалын» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі, 1997-2000 жылдар аралығында Алматыдағы республикалық «Қазақстан» баспасында редактор-менеджер болып жұмыс істеді.