Мақсұт Неталиев
Мақсұт Неталиев - 1934 жылы 9 наурызда Атырау облысының Исатай ауданына қарасты Бегайдар аулында дүниеге келді.
1952 жылы бұрынғы Гурьев мемлекеттік мұғалімдер институтын бітіргеннен кейін, еңбек жолын аудандық мектептерде ұстаз дықтан бастады. 1968 жылы Алматыда Жоғары партия мектебін бітірген соң, Маңғыстау аудандық «Жаңа өмір» ғазетіне редактор болып тағайындалды. 1972 — 1979жж. «Жетісу» газетінде меншікті тілші, бөлім меңгерушісі, 1979 — 1989 жж. «Жазушы» баспасында аға редактор, кейін ақтаңдақтарға байланысты құрылған ынталы топтың жетекшісі болып еңбек етті. 1990— 1992 жж. марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектерін қазақ тілінде шығаратын Бас редакцияла жетекші редактор қызметін атқарды. Бүл күнде зейнеткер. Алғашқы кітабы «Жырлайды гүлдір» деген атпен 1966 жылы шықты. Содан бері ұзын-ырғасы жиырмаға тарта жыр жинақтары, аудармалары, көркемсөз кітаптары жарық көрді. Өлеңдері бұрынғы Кеңес Одағы халықтарының тіліне аударылып, жекелеген және арнаулы жинақ-тарға енді. Очерктері «Үлкен жол-дың үстінде» (1978, «Қайнар») деген атпен жарық көрді. «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды. Исатай және Махамбет аудандарының Құрметті азаматы. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған. Шығармалары: Жырлайды гүлдер. Өлеңдер. А., "Жазушы», 1966; Шопан бала. Балаларға арналған өлеңдер. А., «Жазушы», 1967; Сағыныш саздары. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Қайдасың, гүлім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; Менің замандастарым. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977; Көктемім едің. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1980; Ұлыма сыр. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981; Қырдағы қызғалдақтар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982; Гүл шоғы. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1984; болмайды гүлдер. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1986; Нұрлы шақ. Өлеңдер менпоэмалар. А., «Жазушы», 1988; Ақ шуақ. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1991; Ақ ерке Жайық. Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар. А., «Қазақпарат», 2002; Қазына. Шежіре. А., «Арыс», 2002; Кіші Жүз. Шежіре. А., «Арыс», 2007; Атасы мен немересі. Балаларға арналған өлеңдер. А., «Бауыр», 2008.