Мәделі Жүсіпқожаұлы
Мәделі Жүсіпқожаұлы (1816-1888 ж.) - Қазақтың байтақ даласында көрнекті ақын әрі батыр атанған азаматтың бірі . Мәделінің кіндік қаны тамған жері қазіргі Түркістан облысының Қызылқұм ауданының қожатоғай кеңшары (бұрынғы Ақбұлақ болысы, Бадам жері). Зерек, болашақ ақын жігіт жастайынан діни медреселерді оқып, жан-жақты болып өседі. Қолына түскен кітаптарды көп оқып, мұсылманша оқыған білімі арқасында Құранды да оқып жатқа білетін болған. Кезінде кеңінен тараған шығыс әдебиеті, оның ішінде араб әдебиеті үлгілерінен, ертегі, дастан, қиссаларды көңіл қоя оқиды. Мәделінің өз заманында діни білімімен молдалық құрған кездері де болған.