Камилло Кавур
Кавур (Covour) Камилло Бенсо (10.08.1810,Турин – 06.06.1861, сонда) — граф, Пьемонт (Сардиния корольдығы) пен Италияның мемлекеттік қайраткері және дипломаты. Ақсүйек отбасынан шықты. 1829 жылы Туриндегі әскери академияны бітірді. 1848-1849 жылдардағы революция кезінде парламент депутаты. 1850-1852 жылы егіншілік және сауда министрі, сонымен бірге 1851-1852 жылы финанс министрі, 1852-1861 жылы (1859 жылды қоспағанда) Пьеомнт премьер-министру, бұған қоса сыртқы істер, финанс т.б. министрліктерді басқарды. Кавурдың ішкі саясаты Пьемонттың экономикалық және саяси құрылымын буржуазиялық рухта қайта өзгертіге бағытталды. Кавурдың үкіметі бірқатар антиклерикалдық шараларды іске асырды, Пьемонтта капиталистік кәсіпкерліктің өрістеуіне жәрдемдесті.
Кавурдың түпкі мақсаты Италияны Савойя әулетінің қол астына біріктіру болды, алайда оның жоспары 30 жылдарда Солтүстік Италия корольдығын құрумен шектелді. 1859 жылы дипломатиялық амал-айланы шебер қолданып, ол Австрияны Пьемонтпен соғыс ашуға мәжбүр етті. Кавур бұл соғыстың барысында Наполеон ІІІ-нің әскери қолдауына сүйеніп, Ломбардияны және Венецияны босатып алуды көздеді. Алайда Франция мен Австрия арасындағы сепараттық келісім оның бұл жоспарын іске асыртпай, оны орнынан түсуге мәжбүр етті. Патриоттық және революциялық қозғалыс өрге басқан кезде, 1860 жылы Кавур қайтадан өкімет басына келіп, халық көтерілістерінің нәтижесінде абсолюттік тәртіптен арылған Пармды, Моденаны, Тоскананы және Романьяны Пьемонтқа қосқызды. Революцияның одан әрі өрістеуіне жол бермеу үшін Кавур 1860 жылдың қыркүйегінде Пьемонт әскерлерін Папа облысына, одан соң Гарибальдидің армиясы азат еткен қос Сицилия корольдығына қарай жылжытты. 1861 жылдың наурызында бір тұтас Италия корольдығы жарияланғанда, Кавур Италияның тұңғыш премьер-министрі болды.