Қайрат Жұмағалиев
Қайрат Жұмағалиев (1937 — 2014) — ақын. Батыс Қазақстан облысының Орда (қазіргі Бөкей Ордасы) ауданында Жиекқұм ауылдық кеңесінің (қазіргі Бейсен ауылы) Бесқұдық деген жерінде туған.
«Ақырғы матч», «Беймаза бақыт», «Шам шаһарында», «Самардың сарша тамызы», «Дос құшағы» поэмалары, «Құрақ көрпе», «Хатшепсут», «Батыр туралы баллада», «Журналист» балладалары, балаларға арналған «Таба нан», «Жампоз», «Кәмпит туралы баллада», «Соқыр қыран» сияқты дастан, балладалары жарық көрген.
Гомердің «Илиада» поэмасын, Еврипидтің «Медея», «Троя арулары», «Елена» трагедияларын, әл-Мааридің, Ш.Руставелидің, Физулидің, Низамидің, Пушкиннің, Лермонтовтың, Маяковскийдің, Есениннің, Хикметтің, Блоктың, Тувимнің, Мұса Жәлелдің, Светловтың, Лукониннің, Ғафур Ғұламның, С. Наровчатовтың, Р. Рождественскийдің, Р. Казакованың шығармаларын ана тілімізге аударған.