Құлыншақ ақын
Құлыншақ Кемелұлы (1840, Созақ ауданы, Жартытөбе аулы — 1911, сонда) — ақын. Қоңырат тайпасы Саңғыл руынан шыққан.
"Көлбайға", "Дүйсенбі датқа", "Құдды мініп, құланды құрықтап жүр" толғаулары, "Шырын-Шекер" дастаны, "Оңдыбайға", "Майлыға", "Мәделіге", т.б. өлеңдері бар. Құланшақ Майлықожа, Шөже, Тама Берекет, Молда Мұса, т.б. ақындармен айтысқан. "Алпамыс" эпосының толық нұсқасын жырлаған. Ж.Жабаев Құланшақтың ақындық шеберлігін жоғары бағалаған.
Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Р.Рысжан Құланшақ қолжазбаларын Орта ғылыми кітапхана қорына тапсырған.
Құлыншақ ескіше сауат ашып, Шығыстың қисса- хикаяларын көп оқыған. Өлең шығарып, терме, жыр айтқан. "Көлбайға" "Дүйсенбі датқаға" дейтін толғауларында ел билеушілердің жүгенсіз іс-әрекеттеріне наразылық білдіреді, жауға қарсы күресте ел бастаған батырларды дәріптейді. "Шырын-Шекер" дастанында, "Оңдыбайға", "Майлыға", "мөделіге", т.б. өлеңдерінде Құлыншақтың ақындық шеберлігі айқын көрінеді. Құлыншақ Сыр бойын, Жетісу өлкесін аралап, Майлықожа, Шөже, т.б. ақындармен айтысқан. "Алпамыс" эпосын толықтай жырлаған. Жамбыл Құлыншақтың ақындық талантын жоғары бағалаған. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Р.Рысжан Құлыншақ қолжазбаларын ҚР Ұлттық ғылым академиясының қолжазба қорына тапсырған.