Шәйтім ақын

Ел аузындағы деректерге қарағанда, Шәйтім Қазақстанның батыс аймағындағы Нарын
құмында туып-өскен. XIX ғасырда өмір сүрген. Туған, өлген жылдары белгісіз. Нарын
маңына аты белгілі суырыпсалма ақын болған. Өзіндік хат таныр сауаты бар, кедей адам
екен. Көп тараған жырлары: «Сексен жаспен айтысы», «Әйелмен сөз қағыстыруы», т.б.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: