Цицерон

Цицерон Марк Туллий (б.з.б. 3.1.106, Арпинум — 7.12.43, Кайета маңы) — Ежелгі Римнің саяси қайраткері, шешен, жазушы. Ақсүйектер әулетінен. Б.з.б. 63 ж. консул болған кезінде беделі қатты өсті (Катилинаның қастандығын ашты, сенатта басшы рөл атқарды). 1-триумвират (үштік одақ) құрылғаннан кейін ықпалы төмендеп, б.з.б. 58 — 57 ж. қуғынға түсті. Б.з.б. 56 — 50 ж. Гней Помпей мен Юлий Цезарьды жақтады. Олар араздасқаннан кейін (б.з.б. 49) азамат соғысы кезінде екеуін татуластырмақ болды. Цезарь жеңгеннен кейін (б.з.б. 47) саясаттан қол үзіп, ол өлтірілгеннен кейін ғана саясатқа қайта араласты. Оның Марк Антонийге қарсы 14 сөзі — “филиппик” осы кезеңге жатады.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: