Жанкісі би Басыбайұлы

Жанкісі Басыбайұлы (1772-1849) - белгілі би, шешен, ақын. Орта жүз Найман тайпасының Бағаналы тармағынан шыққан. Қарағанды облысының Ұлытау ауданының Ұлытау ауылында дүниеге келген.

Жасынан зерделі де зерек өскен ол ел арасындағы даулы мәселелерді шешуде тапқырлығымен, шешендігімен, әділдігімен көзге түскен.

Кейбір аңыз әңгімелерде Жанкісінің шын аты - Жанқиса және ол қоқан хандығы әскерілерімен қақтығыста қайтыс болған делінеді. Жанқисаның жанама аты Жанкісі екенін Ермахан Бекмаханов та атап көрсеткен. Жанкісі Басыбайұлының шығармаларының көпшілігі сақталмаған. «Мақпал - Cегіз» дастанының үзіндісі, «Қоқан ханына айтқаны», «Қожыққа айтқаны» толғаулары ғана жеткен.

Жанкісі Басыбайұлының «Қоқан ханына айтқаны» толғауы «Ай-заман-ай, заман-ай» жинағына енген. Осы толғауында Жанкісі би Қоқан ханын, оның салықшы беттерінің әділетсіздігін өткір сынаған. Кейін оларға қарсы ашық күреске шыққан.

Жанкісі Басыбайұлының «Қоқан ханына айтқаны» толғауы 1830 жылы орыс тіліне аударылып, «Песня о временах владычества коканцев» деген атпен «Образцы киргизской поэзии в песнях эпического и лирического содержания, переложенных в русские стихи» жинағында жарық көрген (1885,Орынбор). Кейбір шығармалары Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында сақтаулы тұр.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: