Өске Тоқаұлы
Өске Тоқаұлы (шын аты Ысмайыл) қазіргі Қостанай облысында дүниеге келіп, өмір сүрген суырып салма ақын. Әке-шешеден он жасында жетім қалған ол Қазы деген елге қадірлі кісінің тәрбиесін көріп, соның қолында өседі. Қазы дүние салған соң, кедейлігін кемсітіп, өгейлігін бетіне басқан біреулердің тілі тиіп, өзінің туған ауылына оралады. Қартайған шағында өзіне қарайласқан өгей әкесінің қара шаңырағына келсе,Қазының баласы Наурызбай болыс екен. Ағасы Өскені танымайды, іші жылымақ түгіл, келекелеп мазақ етеді.Ақынның болысқа, оның әйеліне, Жаппас елінің атақты байы Жарасбайдың балаларына айтқан өткір өлеңдері осыған байланысты туып, ауыздан ауызға тарап кетеді.
Өскенің өз дәуіріндегі ірі ақын екендігі жазушы Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романында да (бірінші кітап, «Жазушы», 1967) айтылады. Он тоғызыншы ғасырдағы «жыраулардың жампозы» атанған Балқы Базар Өскені өзінің ұстазы санап, өлең-жырларына қосып, жоғары бағалаған.